Қазақстаннан Италияға тікелей әуе рейстері ашылады
«15 қазаннан бастап алғаш рет Алматы-Доха (Катар) әуе рейсінің ашылуы жоспарланған. Ведомствоаралық комиссияда Италияға халықаралық тікелей рейстер ашу мәселесі қолдау тапты, Чехияға рейс қайта басталды. Сондай-ақ, Кувейтке, Сауд Арабиясына, Шри-Ланкаға жаңа рейстер ашу көзделіп отыр. Түркияға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Германияға, Мажарстанға, Польшаға ұшатын рейстердің санын арттырамыз. Әзербайжанға рейстерді қайта бастаймыз», - деді Салтанат Томпиева «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында.
Спикер 9 қазаннан бастап Мальдивке күнделікті рейстер қайта басталатынын еске салды.
«Күзгі-қысқы навигациядан бастап нарық кезең-кезеңімен қалпына келуі керек деп ойлаймыз. Рейстерді ашу бойынша үлкен жоспарымыз», - деді Салтанат Томпиева
Комитет өкілінің айтуынша, пандемияға байланысты елдегі халықаралық әуе тасымалы нарығы 50% қалпына келтірілген.