Қазақстаннан гуманитарлық жүк тиелген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына ұшып шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстаннан гуманитарлық жүк тиелген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына ұшып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, аталмыш көмек Түркияға Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жөнелтілді. Жүктің ішінде жойқын зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да қажетті заттар бар.

Гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 55 тонна.

«Жүк әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына кетті»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін, Қазақстаннан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жіберілетінін хабарлаған едік.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына гуманитарлық көмек ретінде 1 млн доллар бөлді.

Ал қазақстандықтар Түркиядағы жойқын зілзаладан зардап шеккендерге 3,6 млн доллардан астам қаражат жинап берді.




Соңғы жаңалықтар