Қазақстаннан экспортқа 22,9 млн тонна көмір шығарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Энергетика министрлігінде мүдделі мемлекеттік органдар, көмір өндіруші кәсіпорындар, тауар биржалары, трейдерлер мен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының қатысуымен кеңес өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжілісте коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындарды және халықты көмірмен қамтамасыз ету, көмір жөнелтудің проблемалары талқыланды.

«Сала электр энергиясы өндірісінің 70% жуығын, кокс химиялық өндірісі жүктемесінің 100 пайызға жуығын қамтамасыз етіп отыр. Коммуналдық-тұрмыстық сектордың және халықтың отынға деген сұранысын толығымен қанағаттандыруда», - делінген баспасөз хабарламасында.

Шұғыл мәліметтер бойынша, үстіміздегі жылдың 26 қазанына дейін елде 82 млн тонна көмір өндірілді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,2% көп. Ішкі нарыққа 59,8 млн тонна көмір жөнелтілді, оның ішінде 44,8 млн тонна энергия өндіруші кәсіпорындарға босатылды. Экспорт 22,9 млн тоннаны құрады, бұл 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,9% көп.

Коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке және халыққа көмір жөнелту 9,0 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,5%-ға көп.

Соңғы жаңалықтар