Қазақстаннан бензин мен дизель шығаруға салынған тыйым тағы 6 айға ұзарады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстаннан бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің басқа да жекелеген түрлерін әкету тыйымы тағы 6 айға ұзарады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні Энергетика, Қаржы министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен бұйрығы бар екенін атап өткім келеді. Оның шеңберінде бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің басқа да жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен елден тыс жерлерге әкетуге тыйым салынды және оны тағы 6 айға ұзарту туралы мәселе пысықталып жатыр», - деді Энергетика министрі Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, биылғы қаңтар-наурыз қорытындылары бойынша шамамен 3,4 млн тонна мұнай өнімі өндірілді немесе өткен жылдың ұқсас кезеңінен 107,5% артық.

Оның ішінде автобензин бойынша көрсеткіш 1,2 млн тоннаға жетіп, өткен жылдан 102,9%-ға көбейген.

1,2 млн тонна дизель отыны өндірілген (110,5%) құрайды.

Айта кетейік, биылғы қаңтар-наурызда мұнай және конденсат өндіру көлемі 22,7 млн тоннаны немесе 2021 жылдың ұқсас кезеңіне 107,6%-ды құрады.


Соңғы жаңалықтар