Қазақстаннан бензин мен дизель отынын көлікпен әкетуге тыйым салынбақ

None
Ашық көздерден алынған фото
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізден көлікпен бензин, дизель отыны мен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін шығаруға тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрлігі ашық талқыға шығарған бұйрықта жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының аумағынан көліктің барлық түрлерімен ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған авиациялық жанармайды, автокөліктерді өндіруші ұсынған газ цистерналарында экспорттауды қоспағанда, бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге 4 ай мерзімге тыйым салынсын», - делінген құжатта.

Бұйрық 31 қаңтарға дейін көпшілік талқылауда болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін бензинді Қазақстан аумағынан шығаруға салынған тыйым тағы 6 айға ұзартылатынын мәлімдеген едік.


Ашық көздерден алынған фото

Соңғы жаңалықтар