Қазақстаннан бағалы шаянды шетелге апара жатқан контрабандалық топ сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті құны 470 миллион теңгеден асатын артемия салина шаяндарын (артемия цисталары) контрабандалық жолмен сатқан Қытай мен Қазақстан азаматтарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Қаржы мониторингі комитетінің мәліметінше, олар трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында әрекет еткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, жалпы салмағы 400 тоннадан асатын, ҚР аумағынан әкетуге тыйым салынған биоресурстар толтырылған көлік құралдары табылды.

Қылмыстық топ тауарларды контрабандалық жолмен алып өтпек болған.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен төрт сотталушы ҚР ҚК 234-бабының 3-бөлігі 2-тармағында (экономикалық контрабанда); ҚР ҚК-нің 264-бабының 1, 2-бөлігінде (трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оған басшылық ету – оларға қатысумен тең) және ҚР ҚК 214-бабының 2-бөлігінде (заңсыз кәсіпкерлік) көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Artemia salina шаяны тұзды су қоймаларда тіршілік етеді.

Артемия цистасы балық және құс шаруашылығында, сондай-ақ фармакология мен косметологияда жоғары бағаланады.



Соңғы жаңалықтар