Қазақстаннан автомобиль және теңіз көлігімен түсті металл әкетуге 6 айға тыйым салынбақ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізден көлік және теңіз жолдары арқылы шет мемлекеттерге түсті металл әкетуге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Индустриялық даму комитетінің бұйрық жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан аумағынан автомобиль және теңіз көлігінің барлық түрімен мыс, алюминий, қорғасын қалдықтары мен сынықтарын, істен шыққан қорғасын аккумуляторлардың қалдықтарын, құрамында қорғасын, кадмий немесе сынабы бар химиялық типі бойынша сұрыпталған және сұрыпталмаған түсті металдарды әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салынсын», - делінген бұйрықта.

Бұл шектеу шараларын қадағалау Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі.

Тыйым салынған түсті металдардың толық тізімімен мына сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады. Құжат 3 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.


Соңғы жаңалықтар