+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Қазақстаннан Алтын Орда дәуірінің мавзолейі табылды

2019 жылғы 7 қазан 03:00
Бөлісіңіз:
Қазақстаннан Алтын Орда дәуірінің мавзолейі табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Археологтар Қазақстанның Павлодар облысындағы Екібастұз қаласынан 60 км жердегі Әулиекөлде Алтын Орда дәуіріне тиесілі мазар үйіндісін тапты», деп жазады Panorama.

Ұқсас жаңалықтар

«Ғалымдардың айтуынша, мазарда Алтын Орда кезеңінің жоғары тап өкілі жерленген. Сондай-ақ көк түсті әшекейі бар күмбез бұл жерде 500-600 жыл бұрын кәсіби архитекторлардың, құрылысшылар мен декорация мамандары болғанын дәлелдейді», -деп жазады автор.

Мамандардың айтуынша, мазар биіктігі 20 метр болған және кейбір жерлерде қызық белгілер бар.

«Бұл белгілер шеберлердің немесе діни белгілер болуы мүмкін. Археологтар бұл белгілерді зерттейтін болады. Олар XIV ғасырда көшпенділер арасында исламды таратушылармен байланысты болуы мүмкін», деп жазады басылым.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT