+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Қазақстаннан 7 елге әуе қатынасы қайта жанданады

2020 жылғы 12 тамыз 17:29
Бөлісіңіз:
Қазақстаннан 7 елге әуе қатынасы қайта жанданады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан 17 тамыздан бастап 7 елмен халықаралық әуе рейстерін кезең-кезеңімен қайта іске қосады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім еткендей, мұндай шешімді Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 11 тамызда қабылдады.

Оған сәйкес, 17 тамыздан бастап Біріккен Араб Әмірліктеріне, Беларусь, Германия, Нидерланды, Мысыр, Украина және Ресейге халықаралық рейстер кезең-кезеңімен жаңартылады.

«Министрлік аталған елдердің авиациялық органдарымен бірлесіп тұрақты жолаушылар рейстерін қалпына келтіру мәселесін алдын ала пысықтады. Осылайша, бұл елдер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес (термометрия, әлеуметтік дистанция, маска режимі, ПТР тестілеу) Қазақстанмен ұшуды қалпына келтіруді қолдайды.

Сонымен бірге, Ресейге ұшу үшін Ресей тарапынан рұқсат талап етілетінін атап өткен жөн», - деді министрліктен.

Атап өтілгендей, халықаралық бағыттар бойынша рейстердің саны әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісім негізінде және әр бағыттағы әуе кемелерінің коммерциялық жүктемесіне байланысты орындалады.

«Рейстер мен билеттерді сату әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес азаматтардың жоғарыда аталған елдермен мемлекеттік шекаралар арқылы өтуіне шектеулер алынып және Қазақстан мен тиісті елдер белгілеген санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда, эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай жүзеге асырылатын болады», - деп нақтылады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT