Қазақстанмен қош айтысқан АҚШ бас консулы құрт пен етті сағынатынын айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін АҚШ-тың Қазақстандағы бас консулы Марк Муди соңғы жұмыс күнінде алматылықтармен қоштасу ролигін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

АҚШ консулы бейнекадрда қала тұрғындарына алғыс айтты. 

«Алматыдағы достарыммен, әріптестеріммен қоштасатынымды ойласам, мұңға батамын. Мен осы керемет қалада жұмыс істегенім үшін, Оңтүстік аймақта Арал теңізінен бастап Жоңғар қақпасына дейін аралағаным үшін бақыттымын», - деді ол.

Консул Қазақстанның ұлттық тағамдарынан нені сағынатынын айтты. 

«Менің есімнен Қызылордада жеген ет пен Қазығұртта дәм татқан құрт кетпейді. Барлықтарыңызға көрсеткен қолдауларыңыз үшін көп рахмет, желідегі жазылушыларымызға да алғыс», - деді консул.

Айта кету керек, АҚШ-тың Алматыдағы бас консулдығы бұрынғы құраммен жұмысын жалғастыра береді. 

Жаңа бас консулдың кім болатыны кейін жарияланады. Марк Муди Америка Құрама Штаттарының Алматыдағы бас консулы қызметіне 2015 жылдың 24 тамызында тағайындалған болатын. М.Муди дипломатия саласына 1995 жылы келген. Род-Айленд штатындағы Ньюпорт әскери теңіз колледжін тәмамдаған.

Соңғы жаңалықтар