Қазақстанға жылдам өзгеріп жатқан үдерістерге бейімделе білу керек – Еркін Тұқымов

None
«Қазақстанның даму стратегиясының жиі өзгеруі қазіргі жылдам өзгеріп жатқан процестерге бейміделу үшін жасалып жатыр. Сондай-ақ, бізді қоршап жатқан Қытай, Ресей сияқты мемлекеттер, Орталық Азияың өзге елдері бойынша сауатты мамандар базасы болмауының да әсері бар

Халықаралық құқық елдер арасында қайшылықтар бар-жоғына қарамастан дами береді. Интернет дамуда, ынтымақтастықтың жаңа салалары пайда болып жатыр. Ғарыш талайдан бері мемлекеттің ғана құзыреті болудан қалған. Қақтығыстарға келетін болсақ, өкінішке қарай, адамзат мінсіз емес – қақтығыстар болған, болып жатыр, бола береді де. Бір мысал келтірейін, 2022 жылы әлемде түрлі елдер арасында 27 қақтығыс тіркеліп отыр. Олар үш санатқа бөлінеді: ушыққан, іркілістегі және жақсара бастаған деп бөлуге болады. Бұл қақтығысты бастау өте оңай екенін, ал оны тоқтату өте қиын екенін көрсетеді.

Украинадағы қақтығыс туралы айтатын болсақ, біз қандай маңызды болжамдар жасап, маңызды стратегиялар жасасақ та, Қазақстанға деген белгілі бір көзқарасын қалыптастырып алған елдер бар екенін білу керек. Мұны әрдайым ескеру қажет. Күтпеген жерден келетін «қара аққулар» да, бұрыннан болжанған, бірақ көпшілік құлақ аспаған болжамдар да бар. Қайықты аударып жіберуі мүмкін көптеген қарама-қайшылықтарбар екені ескерсек, халықаралық құқықты өзгерту керек шығар? Әрине, бұл қажет. Халықаралық құқық жүйесін қазіргі ахуалға бейімдеу қажет», - деді Еркін Тұқымов.


Соңғы жаңалықтар