Қазақстанға жыл сайын елден қашқан 80 қылмыскер қайтарылады - Бас Прокуратура

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға жыл сайын елден қашып кеткен қылмыскерлердің 80-і қайтарылады. Бұл туралы Парламент Сенатының отырысында Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жыл сайын біз алыс-жақын шетелдерден 80-ге жуық азаматты қайтарып жатырмыз. Осыған байланысты жасалған қылмыс үшін жазалаудың бұлтартпас барлық қағидаттары қарастырылады. Сонымен қатар, бұл (қылмыскерлерді тапсыру туралы келісім - авт.) ақпаратты алмасуға, ескертуге, қылмыстың алдын алуға зор мүмкіндік береді», - деді Андрей Лукин.

Сонымен қатар, Бас прокурордың орынбасары кей кезде қылмыс жасаған адамды беруден бас тарту жағдайлары кездесетінін атап өтті.

«Бұл ең алдымен біздің мемлекеттің өзге елдермен мемлекетаралық келісімнің жоқтығына байланысты болып отыр. Сондықтан, бұл жағдайда бас тартылып жатады», - дейді ол.

Сонымен қатар, прокуратура өкілі нақты мысалдарды келтірді.

«Екі күн бұрын ғана Черногориямен мемлекетаралық келісім болмаса да, Қазақстанға Лесота деген азамат қайтарылды. Ол Петропавл қаласында қылмыс жасаған. Қазір Қазақстанға жеткізілді», - дейді Лукин.

Соңғы жаңалықтар