+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

Қазақстанға жыл басынан 6 мың қандас көшіп келді – вице-премьер

2019 жылғы 23 тамыз 16:27
Бөлісіңіз:
Қазақстанға жыл басынан 6 мың қандас көшіп келді – вице-премьер

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың қаңтар-шілде айларының аралығында Қазақстанға 6 мыңнан астам қандас көшіп келген. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Аяқпен жазылған сәлемхат: Қытайлық қандасымыздың хаты көзге жас үйірді Баян-Өлгейде Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды Қытайлық қандасымыз 114 күн бойы тамақ ішпей 5 мың шақырым жаяу жүрді

«Кейінгі кезде әлеуметтік желілерде басқа мемлекеттерде тұратын қандастар туралы мәселелер көбейіп кетті. Шынымен де, Елбасы кеше дұрыс айтты: қандастарын туған жеріне шақырып алған Қазақстан дүниедегі аз ғана мемлекеттердің бірі. Сіздер жақсы білетіндей, өткен уақыттың ішінде 1 м иллионнан астам қандасымыз Қазақстанға көшіп келді. Олардың барлығына көмек жасалады. Ал енді бізге көмек жасалмады деген түсініксіз. Оларды зерттеп қарау керек», - деді Бердібек Сапарбаев Үкіметтің баспасөз орталығында тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Вице-премьер қандастарға біріншіден, тұрғын үй бойынша көмек көрсетіліп, бірнеше өңірде тұтас ауылдардың салынғанын айтып өтті.

«Павлодар мен Шығыс Қазақстанда, Шымкент қаласында ауылда р салынды. Одан басқа, алты өңірде келетін біздің отандастарымызды Қазақстанның заңына, өміріне, салтына бейімдеу үшін Оңалту орталықтары салынған болатын. Одан кейін әрбір сырт мемлекеттен келетін отандастарымыздың жол шығындары, күнкөріске кететін шығындары, жұмысқа орналастыру, балаларын мектепке, балабақшаға орналастыру, медициналық қызметпен қамту – барлығы мемлекеттің мойнында. Қазіргі есеп бойынша, өткен 25 жылдың ішінде 150 млрд теңгедей қаржы жұмсалды. Ол жұмыс енді жалғасын тауып жатыр. Осы өткен 7 айдың ішінде 6 мыңнан астам қандас көшіп келді. Бұл жұмыс жалғасын табады», - деді Бердібек Сапарбаев.


Оның сөзінше, кейбір қандастарымыз дер кезінде құжаттарын тапсырмағандықтан, Қазақстан азаматтығын ала алмай жүр.

«Ол құжаттың мерзімі бір-ақ жыл. Елбасының тапсырмасына сәйкес, мерзім осы жылдың аяғына дейін созылды. Соны пайдаланып, азаматтық ала алмай жүрген қандастарымыз азаматтығын алуы керек», - деді Премьер орынбасары .

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Мухамедиярова Жанара
Мухамедиярова Жанара
954-059

MURAǴAT