Қазақстанға визасыз келу режимі 2021 жылға шейін тоқтатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді тоқтата тұру мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия визасыз режим бойынша шешім қабылдады:

57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді тоқтата тұруды 2021 жылғы 1 мамырға дейін ұзарту:

ҚХР мен Үндістаннан келетін транзиттік жолаушылардың ҚР аумағында 72 сағат визасыз болуын тоқтата тұруды 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту.

Еске сала кетсек, 2 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті. Онда шекараны кесіп өту тәртібі өзгертілгені мәлім етілді.


Соңғы жаңалықтар