Қазақстанға «Vero Cell» коронавирус вакцинасын жеткізу мәселесі талқыланды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Бейжіңде Қазақстанға COVID-19-ға қарсы «Vero Cell» вакцинасын жеткізу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев Бейжің қаласында Қытайдың «China National Pharmaceutical Group Co. LTD» («Sinopharm») мемлекеттік корпорациясының вице-президенті Янь Бинмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар фармацевтика саласында екіжақты өзара ықпалдасудың перспективалары, сондай-ақ Қазақстанға COVID-19-ға қарсы «Vero Cell» екпелерін жеткізу мәселелері бойынша пікір алмасты.

Ғ. Қойшыбаев Қазақстанның денсаулық сақтау органдары мен «Sinopharm» корпорациясы арасындағы жоспарлы және өзара тиімді ынтымақтастық бүгінгі күні Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды айтарлықтай жұмсартуға ықпал ете отырып, оң практикалық нәтижелерді көрсетіп жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде, Янь Бин корпорацияның індетке қарсы екпелері және дәрі-дәрмектердің жаңа түрі бойынша атқарып жатқан жұмысы туралы таныстырды. Сондай-ақ болашақта қазақстандық серіктестермен тығыз қарым-қатынастарды жалғастыруға қызығушылығын білдірді.

Кездесу барысында Қазақстанның Елшісі вице-президентке Қазақстан–Қытай денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалін табыстады.


Соңғы жаңалықтар