Қазақстанға венчурлық қаржыландыру не үшін қажет - сарапшының пікірі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Бәйтерек» ҰБХ басқарушы директоры Әділ Нұрғожин Қазақстандағы венчурлық қаржыландыруды дамыту тетіктерінің ерекшеліктерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Венчурлық инвестициялар - ерекшелігі мол құрал. Бұл тәуекелі жоғары инвестициялар екенін атап өту керек. Оның дамуына әлі біршама уақыт керек. Алайда оларсыз жаңа индустрия ірге көтеріп кетпеген. Интернет болмаса, Facebook болмас еді. Ол болмаса Кремний шатқалы да болмас еді. Біздің мемлекет ретінде бұл үрдіске араласу немесе араласпау секілді таңдауымыз жоқ. Бұл жерде қаншалықты жылдам әрі тиімді араласу керектігі туралы мәселе бар. Тек артта қалып қалмау үшін ғана біз бұл процеске ілесе білуіміз керек», - деді Әділ Нұрғожин Астана экономикалық форумының үзілісі кезінде.

Сарапшының айтуына қарағанда, қазірдің өзінде аталмыш компонент бойынша Қазақстан көштен қалып бара жатыр. Сонымен бірге, сарапшы Қазақстандағы венчурлық капитал үшін нақты базаның қандай болуы керектігін де түсіндірді.

«Бастысы Қазақстанның базалық экономикалық саласына негізделу керек. Ол - тау-металлургиялық кешен, мұнай өндірісі, агросектор, логистика үшін барлық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана білу. Бізде бұл ретте қордаланып қалған қаншама мәселенің бары өтірік емес. Тек технологиялық шешімдер ғана тиімді болары даусыз. Ал бұл жетістікке венчурлық индустриясыз қол жеткізу мүмкін емес», - дейді спикер.
null

Соныме бірге сарапшы, Қазақстандағы венчурлық қорлардың тиімсіз дамып келе жатқанына қатысты айтылған сынға жауап берді.

«Технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттікке, ол гранттарға бөлініп жатқан гранттардың тиімділігі немесе тиімсіздігіне қатысты біршама сынның қарша борағаны белгілі. Бұл ретте тек қарапайым шынайылықты ескеру керек - бұл мүлде бөлек үрдіс. Бұл жерде ендігі кезеңде бизнесмендер керек. Қазіргі уақытта біз бұл салаға нарықтық механизм енгіздік. Нарықта жүрген кәсіби басқарушы компаниялар бұл саламен күнде жұмыс жүргізуде. Олар белгілі бір компанияларды тауып, оны жетілдіріп, компанияны қайта сатып, ақшаны қайтарып алуда», - дейді спикер.
null

Соңғы жаңалықтар