+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың 98 пайызында ПТР-тест анықтамасы болды – Байғабылов

2020 жылғы 29 қазан 10:56
Бөлісіңіз:
Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың 98 пайызында ПТР-тест анықтамасы болды – Байғабылов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көліктегі бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов 29 қазан күні түнде 10 халықаралық әуе рейсімен елге 1072 жолаушы ұшып келгенін мәлім етті. Олардың 1047-де ПТР-тест анықтамасы болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мерзімі өткен ПТР анықтамамен ұшып келген жолаушы депортацияланды Алматы әуежайында мерзімі өткен ПТР анықтамасын ұсынған ресейлік депортацияланды

«Нұр-Сұлтандағы 4 рейс бойынша 426 жолаушының 418-де, Алматыдағы 4 рейс бойынша 536 жолаушының 522-де, Қарағандыдағы 1 рейс бойынша 16 жолаушының бәрінде, Шымкентке ұшып келген 94 жолаушының (1 рейс) 91-де ПТР-тест анықтамасы бар болып шықты», - деп хабарлайды Сәдуақас Байғабылов.

ПТР-тест анықтамасы жоқ азаматтар Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларындағы карантиндік стационарға жатқызылған. Жолаушылар халықаралық әуе рейстерімен Түркия, Ресей, БАӘ елдерінен келген.

Сонымен қатар Сәдуақас Байғабылов Түркиядан келген Тәжікстан азаматы ПТР-тест анықтамасы болмағандықтан Алматы әуежайынан депортацияланғанын жеткізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT