Қазақстанға ұшатын мәскеулік рейстер басқа әуежайға ауыстырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейден Қазақстанға ұшатын үш рейс Мәскеудің Домодедово әуежайынан Внуково әуежайына ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігіне сілтеме жасап.

6 қыркүйектен бастап, SCAT әуе компаниясының Ақтөбе-Мәскеу рейсі Внуково әуежайы арқылы ұшпақ. Бұған дейін ұшақтар Домодедово әуежайына ұшып келетін.

Рейстер аптасына екі рет, сенбі және жұма күндері ұшырылатын болады. Мәскеуден ұшу уақыты сенбі күні 15:50-де, жұма күні - 11:40-та болмақ. Жол жүру уақыты 2 сағат, 20 минут. Жолаушылар үшін Bombardier CRJ 200 әуе кемесі қызмет ететін болады.

Тағы бір айта кетерлігі, қазан айының соңына дейін Ақтау мен Шымкент рейстері де Домодедоводан Внуковоға ауыстырылады.

Соңғы жаңалықтар