Қазақстанға ҰҚШҰ әскери техникалары не үшін келіп жатыр: Министрлік түсініктемесі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстанға келіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің әскери техникаларына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылғы 26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Жамбыл, Алматы облыстарында ҰҚШҰ ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Өзара іс-қимыл-2022«, «Іздеу-2022«, «Эшелон-2022« оқу-жаттығулары өтеді.

Осыған байланысты елімізге Ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келіп жатыр. Әскери техниканың қозғалысы теміржол, әуе көліктерімен және дөңгелекті техникамен жүзеге асырылуда.

Бұл тұрғыда азаматтарды әлеуметтік желілерде таралып жатқан түрлі қауесеттерге мән бермеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», - делінген министрлік хабарламасында.

Еске салайық, Қазақстанның барлық өңірінде «Айбалта-2022» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы шеңберінде «Ашық аспан-2022» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.

Бұдан бөлек, қазақстандық әскерилер ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Іздестіру-2022», «Эшелон-2022» және «Өзара іс-қимыл-2022» оқу-жаттығуларына тартылатын болады. Оқу-жаттығулар елімізде 7 қазанға дейін жалғасады.


Фото: gov.kz



Соңғы жаңалықтар