Қазақстанға тартылған инвестицияның төрттен бірі Атырау облысына тиесілі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өндірілетін өнімнің 23%-ы Атырау облысына тиесілі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов осындай дерек келтірді.

«Атырау облысының өнеркәсіп өнімінің көлемі жыл басынан бері 6,7 трлн теңге болды. Өңірдің үлесіне республика өнеркәсібінің барлық көлемінің 23%-ы тиесілі. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 545 млрд теңгеден асты. Сондай-ақ, құрылыс 110,8%, ауыл шаруашылығы 100,6%, сауда 146,1%, көлік 117,6%, байланыс 101,4% салаларында өсім байқалады», - деп хабарлады Атырау облысының әкімі.

Әкімнің мәліметі бойынша, Атырау өңірі негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша да көш бастап тұр.

«Жыл басынан негізгі капиталға 2 трлн 336 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл республика бойынша барлық инвестициялардың төрттен бір бөлігін құрайды», - деді Махамбет Досмұхамбетов.


Соңғы жаңалықтар