Қазақстанға тағы екі Airbus C295 ұшақтары жеткізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Airbus Defence and Space компаниясымен осыған дейін жасаған келісімі аясында кезекті екі жаңа көлік ұшақтарын алады. Қосымша бөлшектер жеткізу мен техникалық қолдау көрсетуді қарастыратын келісім 2012 жылы берілген өтініште көрсетілген соңғы екі ұшаққа да қатысты болып отыр, деп хабарлайды Aircargonews.ru.

Екі ұшақ та тапсырыс берушіге биылғы жылдың екінші жартысында жеткізіледі. Соның арқасында әскери-әуе күштері мен Қазақстанның әуе қорғанысында қолданылатын C295 ұшақтарынан тұратын флот 8 данаға дейін көбейеді.

C295 үлгісіндегі сатылған ұшақтардың барлық саны 186-ны құрап отыр. Соның ішінде 12-і ТМД мемлекеттеріне жіберілген.

Соңғы жаңалықтар