Қазақстанға сырттан оралған қазақтардың саны 1 млн.-ға жуықтады - Елбасы

None
None
күйектің 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанға сырттан оралған қазақтардың саны 1 млн.-ға жуықтады.

Бүгін ҚР Парламентінің кезекті сессиясын ашу барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы он жылда агроөнеркәсіптік кешенді қолдау ауылдағы халық санының өсуіне септігін тигізді. Он жылда ауыл жұртшылығының саны 44 пайыздан 48 пайызға артты. Сонымен бірге, ірі қалаларда тұрып жатқан адамдар саны да арта түсуде. Мәселен, Астанада халық саны 80 пайызға, ал Алматыдағы халық саны 20 пайызға артты. Сыртқы миграция үдерісі тыйылып, елімізге келушілер саны кетушілерге қарағанда өсіп отыр. Осының өзі еліміздегі өмір сүрудің тартымдылығын көрсетеді. Ресми статистика мәліметтеріне сүйенсек, өткен онжылдықта өзінің тарихи отаны - Қазақстанға ТМД, Қытай, Монғолия, Түркия, Иран секілді елдерден 650 мыңға жуық адам оралған. Дегенмен де өткен онжылдықтан яғни, 1999 жылдан бұрын да Қазақстанға келгендер болғандықтан өз Отанына  оралғандардың саны 1 млн.-ға жуықтады деп айтуға болады», деді Елбасы. Сонымен бірге, статистикалық мәліметтерге сүйенген Мемлекет басшысы, соңғы он жыл ішінде еліміздегі қазақтар саны 53 пайыздан 65 пайызға дейін артқанына тоқталып өтті. «Еліміздің бірегей этноконфессиялық құрамы сақталып отыр. Қазір елімізде 140-қа жуық ұлт өкілі өмір сүруде», деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар