Қазақстанға шетелден келген гуманитарлық көмектің қалай бөлінгенін қайдан көруге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұсынысымен Қазақстанға шетелден жеткізілген гуманитарлық көмектің қайда бөлінетіні туралы ақпарат «СҚ-Фармация» ЖШС сайтында жарияланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келіп түсетін медициналық препараттар мен бұйымдарды жымқыру және қайта сатуға жол бермеу мақсатында Сovid-19-ға қарсы күреске бағытталған шетелдік гуманитарлық көмекті бөлу процесі жұртшылықты тарта отырып бақылауға алынды. Гуманитарлық көмекті сүйемелдеу барысында агенттік қызметкерлері денсаулық сақтау басқармалары мен медициналық мекемелердің қызметкерлерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қаптамаларда «Гуманитарлық көмек – тегін» мөрі қойылды. Бұл жұмыс тауарды одан әрі мақсатсыз пайдалану тәуекелін төмендетеді», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің парасат департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы онлайн баспасөз мәслихаты барысында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Катар, ҚХР, БАӘ-дан келген гуманитарлық көмек сүйемелденген. Ресей, Өзбекстан, ДДҰ, Түркия және Германиядан келген гуманитарлық көмек тасымалдау кезеңінде тұр.

Ал Чехиядан Алматы қаласына келген гуманитарлық көмек бөлу сатысында.

«Агенттік пен «СҚ-Фармация» ЖШС пандемияға қарсы күрес кезеңінде келген гуманитарлық көмекті әрбір өңірге дейін бөлу маңыздылығын ескерді. Осылайша, агенттік тізбелер мен көлемдерді қоса алғанда барлық ақпарат туралы ашық түрде орналастыруды ұсынды. Бұл ақпарат «СҚ-Фармация» ЖШС сайтында орналастырылған», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар