Қазақстанға сапарым бойынша ешқандай саяси шешім қабылданбайды – ЕО санкциялар жөніндегі арнайы өкілі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Еуропалық Одақтың санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О'Салливан Астанада өткен баспасөз конференциясында Қазақстанға не үшін келгенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір нәрсені анықтап кетейік. Еуропалық Одақтың санкциялары үшінші мемлекеттерге қарсы бағытталмаған. Біз осы үшінші мемлекеттердің Ресеймен, тарихи, заңи қарым-қатынастарын мойындаймыз және ол қарым-қатынастарына еш нұқсан келтіруге тырыспаймыз.

Біз үшінші мемлекеттерге (Еуропалық Одақтан) сауда көлемінің ұлғаюын көріп отырмыз. Бұл сауда көлемі қандай тауарлар бойынша ұлғайды? Бұрын Ресейге экспортталатын тауарлардың сауда көлемі үшінші мемлекеттерге қазір өсіп отыр. Бұрын-соңды мұндай болмаған. Ол тауарлар сол үшінші мемлекеттерге осындай көлемде экспортталмаған болатын. Оған қоса, үшінші мемлекеттерге сол тауралардың сауда көлемі ұлғаюымен бірге, үшінші мемлекеттерден Ресейге экспорт ұлғайып отыр», - деді ЕО арнайы өкілі.

Сондай-ақ, ол дәл осындай сапармен Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты бірнеше елде болғанын еске салды.

«Әрине, осы сауда көлемінің ұлғаюы санкцияларды айналып өтудің дәлелі емес. Бірақ, менің санкциялар бойынша арнайы өкіл ретіндедегі міндетім сол - үшінші мемлекеттерге барып, осы жағдайды талқылау, сол мемлекеттердің жауабын тыңдау, содан кейін мүмкін болған мәселелерді шешу жолдарын бірге іздестіру. Осы себептен мен көптеген елге іссапармен барып жүрмін. Мысалы, бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінде, Түркияда болдым. Бүгін Қазақстанға келіп отырсам, осы аптаның аяғында Өзбекстанда боламын. Сонымен қатар, мамыр айында Сербия, Грузия, Армения мемлекеттеріне барамын. Осы іссапарлардың қорытындысында ешқандай саяси шешім қабылданбайды. Бұл менің санкциялар бойынша арнайы өкіл ретіндегі қызметімнің аясында болып жатқан сапарлар», - деді Дэвид О'Салливан.


Соңғы жаңалықтар