Қазақстанға ресми сапармен Грузия Премьер-министрі келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін кешке Қазақстанға ресми сапармен Грузия Үкіметінің басшысы Ираклий Гарибашвили келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында И. Гарибашвилиді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қарсы алды.

«Екікүндік сапар аясында Грузия үкіметінің басшысы Қазақстан басшылығымен келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр. Тараптар екіжақты сауда-экономика ынтымақтастығын тереңдету мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар Грузия Премьер-министрі «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысымен танысады», - делінген хабарламада.



Фото: primeminister.kz



Соңғы жаңалықтар