+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Қазақстанға Ресейден 90 мың тонна дизельдік отын жеткізіледі

2017 жылғы 9 қараша 17:12
Бөлісіңіз:
Қазақстанға Ресейден 90 мың тонна дизельдік отын жеткізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат -«ҚазМұнайГазӨнімдері» Ресейден Қазақстанға 90 мың тонна дизель отынын импорттайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар орталығында тілшілер сұрағына жауап берген «ҚазМұнайГазӨнімдері» ЖШС бас директоры Қуандық Құлмырзин мәлім етті.

«Үкімет пен «ҚазМұнайГаз» басшылығының тапсырмасына сәйкес, «ҚазМұнайГазӨнімдері» ЖШС Қазақстанға Ресейден 90 мың тонна дизельдік отынды алып келетін болды. Тасымал «ҚазМұнайГазӨнімдері» ЖШС желісі бойынша жүзеге асырылады. «ҚазМұнайГазӨнімдері» ЖШС желілері (жанар-жағармай құю бекеттері - авт.) Қазақстандағы желілердің ортақ балансының 15-16 пайызын ғана алатынын есепке ала отырып, біз импорттық дизельдік отынның бір бөлігін «Гелиос», «Синоил» секілді желілер арқылы алып келеміз. Демек, біз оларға көмектесеміз. Дизельдік отынмен біз барлық ірі желілерді қамтамасыз етеміз. Шағын желілерді қамтуға тырысамыз», - дейді «ҚазМұнайГазӨнімдері» ЖШС бас директоры Қуандық Құлмырзин.

Оның айтуынша, дизельдік отынның 9 мың тоннасы жолда келе жатыр. Қалғаны жақын арада жеткізілетін болады. Қазақстанның солтүстік, батыс және орталық өңірлерінде ауа температурасының төмендеуіне байланысты жанармай алдымен аталған аймақтарға тасымалданады. Ал Қазақстанның оңтүстік өңірлері «PetroKazakhstan Oil Products» Шымкент МӨЗ шығарған дизель отынымен қамтамасыз етіледі.

«ҚазМұнайГаз» ЖМСҚ желісі маусымаралық дизель отынының бағасын (өндірген мемлекетіне қарамастан) литрін 155-160 теңге деңгейінде ұстап тұрады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT