+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Қазақстанға Ресейден 400 литр заңсыз алкоголь әкелген азамат ұсталды

2019 жылғы 6 қараша 19:04
Бөлісіңіз:
Қазақстанға Ресейден 400 литр заңсыз алкоголь әкелген азамат ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанға Ресейден 400 литр заңсыз алкоголь әкелінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетауда 432 шөлмек алкоголь тәркіленді Қызылордада алкоголь өнімін заңсыз сақтаған кәсіпкер жазаға тартылды

Солтүстік Қазақстан облысының «Жаңа жол» автомобиль өткізу бекетінде СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Volvo маркалы автомашинасымен Ресей Федерациясынан Қазақстан аумағына 4 литрлік пластик ыдыстарға құйылған 400 литр алкоголь өнімін кіргізу фактісін анықтады.

Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 282-бабы 3-тармағы бойынша хаттама жасалды. Тәркіленген алкоголь өнімдері сот шешіміне дейін қоймаға орналастырылды.



Жалпы, 2019 жылдың 10 айында «Жаңа жол», «Қызылжар», «Бидайық», «Қарақоға» автомобиль өткізу бекеттерінде Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік кірістер департаменті тыйым салынған тауарларды әкету фактілерінің жолын кесті.

- қара және түсті металл сынықтары бойынша 390,7 тонна мөлшерінде 52 факті;

- макулатура бойынша 19,9 мың тонна мөлшерінде 1 факті;

- ІҚМ терісі бойынша 21,0 мың тонна мөлшерінде 1 факті;

- мұнай өнімдері бойынша 3,7 мың литр көлемінде 10 факті.

Бұдан басқа, экспорттық бақылау басқармасы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден импортталған тауарлардың құны бойынша мәлімделген бағаларды төмендету бойынша жұмыс жүргізуде. 1 қарашадағы жағдай бойынша жүргізілген әңгіменің нәтижесінде 6,6 млн теңге сомасына 14 салық төлеуші түзету жасап, қосымша есеп ұсынды.

Жанама салықтарды уақтылы төлемегені үшін әкімшілік шаралар қолданылды және бюджетке 15 млн теңге өндіріп алынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT