Қазақстанға өткен тәулікте 38 халықаралық әуе рейсі келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 20 қыркүйегінде Қазақстан аумағына аумағына 38 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы ҚазАқпарат Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтме жасап хабарлайды.

Өткен тәулікте 4 877 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 16 рейс, 2 380 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 094 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 502 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына - 5 рейс, 285 жолаушы;

Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 43 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, 84 жолаушы;

Қарағанды қаласының әуежайына - 1 рейс, 174 жолаушы;

Түркістан қаласының әуежайына - 2 рейс, 315 жолаушы;

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.


Соңғы жаңалықтар