Қазақстанға оралған қандастардың еңбек өтілі зейнеткерлікке шыққанда есептеле ме

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Моңғолия мен Қытайдан тарихи отанына оралған қазақтардың еңбек өтілдері Қазақстанда зейнеткерлікке шыққанда есепке алынады. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында Танагүл Ахметованың интернет-форум арқылы министрге жолдаған сауалы оқылған болатын. Сауалда: «Басқа елден көшіп келген қазақтарға зейнетақы тағайындалған кезде олардың бұрын тұрған елдеріндегі еңбек өтілдері ескеріле ме? Мені қызықтыратыны Моңғолиядан келген азаматтар, олар зейнетақы алуда шектеуге ұшырамай ма?», - делінген.

Осы сұраққа жауап берген министрдің айтуынша, бұрын Моңғолия, Қытай мемлекеттерімен Қазақстанның арасында әлеуметтік төлемдер, еңбек өтілдері жөнінде келісімшарт болмаған.

«Соның салдарынан ол кісілердің, мәселен Моңғолияда жұмыс істеген өтілдері есептелінбейтін. Қазір ондай келісімшарт бар. Сондықтан Моңғолиядан да, Қытайдан да келген қандастарымыздың сол жақтағы еңбек өтілдері есептелінеді. Біздің қазақстандық зейнеткерлер сияқты ол кісілер де зейнетақы алады», - деді Б.Сапарбаев.

Соңғы жаңалықтар