Қазақстанға мықты ҮЕҰ қажет – Мәжіліс депутаты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым елдегі азаматтық қоғамның рөлі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының негізгі бағыттарына арналған сараптамалық талқылауда Айдос Сарым Қазақстанда азаматтық қоғам қалай жұмыс істеуі керек деген сұраққа жауап берді.

«Қазір азаматтық қоғамға мықты талдау қажет. Не дегенмен атқарушы билік – жақсы ұйымдастырылған күш. Ол өзінің мүдделерін жақсы түсінеді, ғылыми-зерттеу институттары бар. Бізге әр түрлі салаларда өз сараптамасын жасайтын, өз талдауы бар, салыстыруға болатын сандары бар мықты үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) қажет», - деді Айдос Сарым «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің баспасөз орталығында өткен сараптамалық талқылауда.

Сондай-ақ, спикер қазіргі Мәжілістің жұмысына тоқталды.

«Үкімет көптеген заң жобаларын депутаттар бастағанын қалайды. Репрезентация деңгейінде айтар болсақ, қазіргі Мәжілісте азаматтардың түрлі әлеуметтік санаттары қамтылған. Мүгедектер де бар, мұғалімдер, дәрігерлер бар, қандай да бір мамандандыру мен сараптама бар, мұның бәрі заңдарды жақсы жазуға мүмкіндік береді. Біз бюджетті үш жылға жоспарлаймыз. Кейбір аспектілер бойынша Жолдау 3-4 жылға, ал кейбір мәселелер – тіпті 10-15 жылға созылуы мүмкін», - деді А. Сарым.

Айта кетейік, «ҚазАқпарат ХАА» АҚ баспасөз орталығында ҚР Президенті Жолдауының негізгі бағыттары туралы сараптамалық талқылау өтті. Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым, Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Юлия Кучинская қатысты.

https://kaz.inform.kz/news/barlygy-kogam-men-el-maselelerin-sheshuge-bagyttalgan-aydos-sarym-prezident-zholdauy-turaly_a3832037


Соңғы жаңалықтар