Қазақстанға Мажарстан неліктен тартымды болып отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы екі жылда Қазақстаннан Мажарстанға туристік ағын айтарлықтай артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның Мажарстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Нұрбах Рүстемовтың айтуынша, 2017 жылдың маусым айында Будапешт пен Астана арасында тікелей әуе байланысының ашылуы екіжақты қатынастардағы маңызды оқиға болды. Ресми тасымалдаушы ретінде мажарлық «Wizz Air» компаниясы бекітілді.

«Мажарстан статистика және көші-қон агенттігінің мәліметінше, тікелей рейс ашылғанға дейін жылына Қазақстаннан 240 адам сапарлаған екен. Ал тікелей әуе байланысы басталғаннан бері Қазақстаннан Мажарстанға туристік ағын арта түсті. Осы арқылы, 40 мыңнан астам ел азаматы Мажарстанға сапарлады», - деді елші.

Сонымен қатар аталған елден Қазақстанға сапарлаған туристер саны да артқан.

«Астана туристер тартудың нақты орталығына айналуда. Астанадан Орталық Азия елдеріне, Қытайға, Малайзияға, Үндістанға, Оңтүстік Кореяға әуе байланыстары қамтамасыз етілген. Қазақстандық туристер үшін Будапешт қаласы да үлкен хаб болып отыр. Будапешттен ұшақтар Еуропаның 72 нүктесіне бағытталады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар