Қазақстанға квота бойынша келген 38 мың адамның 63 пайызы білікті маман - Б.Нұрымбетов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда квота бойынша 38 мың шетелдік жұмыс істеуде. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті.

«Жалпы отандық көші-қон саясаты екі қағидаттарға сүйенеді: біріншісі - ішкі еңбек нарығын қорғау, екіншісі - шетелден біліктілігі жоғары мамандарды тарту. Біздің елде қазіргі уақытта шетелдік еңбек күшін тарту тәртібі квота бөлуге және рұқсат беруге негізделеді. Квотаны Үкімет белгілейді, олар елдегі шетелдік еңбек адамдарының сан мөлшерін бекітеді. Кейін ол квоталар жұмыс берушілердің өтініштеріне байланысты аймақтарға үлестіріледі», - деді ол. Оның хабарлауынша, 2015 жылы Қазақстанда квота экономикалық белсенді халықтың 0,7 пайыз үлесін құрауы тиіс деп бекітілді және 63 мың адамды құрап отыр. «Бізде қазір 38 346 ресми түрде шетелдік сарапшы жұмыс атқарып жатыр. Олардың 63 пайызы жоғары білікті мамандар, топ-менеджерлер, орта деңгейдегі басқарушылар, 37 пайыз - білікті мамандар мен жұмыскерлер. Қазақстанға 144 елден шетел мамандары еңбек етуде, олардың 60 пайызы құрылыста жұмыс жасайды», - деп атап өтті Б.Нұрымбетов.

Соңғы жаңалықтар