Қазақстанға құны 370 млн теңгеден асатын электронды темекі алып өтпек болғандар ұсталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі тауарларды мемлекеттік шекарадан заңсыз өткізу фактілерін анықтау жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 2023 жылғы ақпанда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының «Қарасу» автомобиль өткізу пунктінде құны 370 млн теңгеден астам сомаға бағаланған электрондық темекінің ірі партиясын ілеспе құжаттарсыз алып өтпек болған шетелдіктер ұсталды.

Алматы қаласының халықаралық әуежайында «Ыстанбұл – Алматы» халықаралық рейсінде ілеспе құжаттарсыз құны шамамен 10 млн теңге тұратын алтыннан жасалған бұйымдарды әкелуге тырысқан ҚР азаматы ұсталды.

«Ұсталғандар одан әрі қарастыру үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелеріне тапсырылды»,-делінген комитеттің баспасөз қызметінің баспасөз-баянында.


Соңғы жаңалықтар