ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ-2022

Қазақстанға қосымша электр энергиясы керек - Президент

2022 жылғы 5 қазан, 17:51
Қазақстанға қосымша электр энергиясы керек - Президент

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы тұғындарымен кездесуі барысында энергетика мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ №1 Telegram каналына сілтеме жасап.

«Еліміздің энергетикалық балансында көмір маңызды орын алады, 70 пайыздан асады. Еуропалық Одақ халықаралық аренадағы геосаяси өзгерістерге байланысты көмірді қолдану концепциясына қайта орала бастады. Қазір біз көмірді пайдаланудан бас тартпаймыз. Бірақ электр станциясы жұмысының нәтижесінде атмосфераға бөлінетін көмір массасының шығарындыларын ең аз мөлшерге дейін азайтуға мүмкіндік беретін озық технологиялар бар. Осы үздік технологияларды біздің өндірісте міндетті түрде қолдану керек. Жалпы, Қазақстанға қосымша электр энергиясы қажет екенін айтқым келеді. Бұл – факт. Оған қоса, шарықтау кезінде бізде энергетика тапшылығы сезіледі. Бұған жол беруге болмайды»,-деді Президент.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar