USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Қазақстанға кірудің жаңа ережелері күшіне енді

2022 жылғы 13 қаңтар 18:48
Бөлісіңіз:
Қазақстанға кірудің жаңа ережелері күшіне енді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Air Astana әуе компаниясы баспасөз қызметі Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, 2022 жылдың 15 қаңтарынан бастап Қазақстанға кірудің жаңа ережелері енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Құжатқа сәйкес, Қазақстанға шетелден ұшып келетін барлық жолаушылар (соның ішінде вакцина алғандар) COVID-19 теріс нәтижесін көрсететін ПТР анықтамасын ұсынуы тиіс.

Анықтама материал сынамасы алынған күннен бастап Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен сәтке дейін 72 сағат бойы жарамды болып саналады және ағылшын, орыс немесе қазақ тілінде жазылып берілуі тиіс.

Аталған анықтама бес жасқа толмаған балаларға ғана берілмейді.

COVID-19-ға ПТР сынамасының теріс нәтижесі болмаған жағдайда жолаушылар, соның ішінде Қазақстан азаматтары және Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар ұшу әуежайынан бортқа жіберілмейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT