Қазақстанға келушілер саны 58 пайызға артты

2022 жылғы 16 тамыз, 11:40
Қазақстанға келушілер саны 58 пайызға артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылдың 6 айында Қазақстанға келушілердің саны 58,6 пайызға артты. Бұл жайында Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстанға келгендер саны 2021 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 58,6 пайызға артты. Қазақстаннан кеткендер саны 13 пайызға азайды. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен орын алуда. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі 84,5 және тиісінше 83 пайызды құрады. Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 1,4 пайызға кеміді. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде байқалды: Нұр-Сұлтан (15753 адам), Алматы (17691 адам) және Шымкент (1883 адам)», - деп атап өтеді бюродан.

Жеке этностық топтар бойынша сыртқы көші-қон құрылымында келгендердің жалпы санының 50 пайызын қазақтар, 17,9 пайызын орыстар, 4,7 пайызын өзбектер, 2 пайызын украиндықтар, 1,4 пайызын татарлар, 1,2 пайызын немістер құрайды. Ал Қазақстаннан кеткендердің 5,8 пайызы - қазақтар, 65,8 пайызы - орыстар, 0,7 пайызы – өзбектер, 7,3 пайызы – украиндықтар, 2,6 пайызы – татарлар, 10 пайызы – немістер.


Теги:
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar