Валюта бағамдары:
    usd/kzt 467.99 eur/kzt 488.82

    rub/kzt 7.7 cny/kzt 65.06
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: +2+4℃
  Jańalyqtar  >

Қазақстанға келіп жатқан ресейліктердің саны азайды - Мұхтар Тілеуберді

2022 жылғы 5 қазан, 15:47

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанға келіп жатқан ресейліктерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, 21 қыркүйектен бері елімізге 200 мыңнан астам ресейлік келген.

«Соңғы мәліметтер бойынша кеше Қазақстанға қарай ағылған нөпір бәсеңсіді. Яғни Қазақстаннан кеткен ресейліктердің саны елімізге келгендерге қарағанда артық болған», - деді М. Тілеуберді Мәжілісте тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 4 қазан күні ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Қазақстанды паналап жатқан ресейліктер туралы соңғы статистиканы жариялады.

«Бұл мәселе бақылауда. Ресейдің 200 мыңнан астам азаматы кірді. Бірақ бүгінгі таңда 147 мыңы шығып кетті. Әрине ішінара мобилизация жарияланған кездерде үлкен кептелістер болды. Кешеден бастап бұрынғы қалпына келіп отыр. Мысалы, кешегі күнді алатын болсақ, Ресейдің 7 мыңнан астам азаматы мемлекетімізге кірді, 11 мыңға жуығы шығып кетті. Сондықтан қазір келгендер шығып жатыр. Миграциялық ахуал бақылауда. Жан-жақты қарап жатырмыз», - деді М. Ахметжанов.


Автор:

Руслан Ғаббасов

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары