Қазақстанға келген Шри-Ланка азаматы ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы шекаралық бақылау жасағының шекарашылары бөтен құжатпен Қазақстанға кіргісі келген Шри-Ланка азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы шекаралық бақылау жасағының шекарашылары Алматы халықаралық әуежайында өзге адамның шетелдік паспортын көрсеткен Шри-Ланка азаматын ұстады. Алғашында құжаттағы сурет еш күдік туғызбаған, шетелдік қонақ та өзін сенімді ұстаған. Бірақ тәжірибелі шекарашылардың қырағы көзінен сыр жасыру мүмкін емес, 5-7 минуттан соң «шақырылмаған қонақ» өз айыбын мойындады», - делінген Шекара қызметінің баспасөз қызметі жіберген хабарламада.

Шетелдік азамат жалған құжатты өз елінде 3500 АҚШ долларына жасатқанын мәлімдеді. Оның өз құжатының болмауы және Қазақстанға деген «құлшынысы» себебін Шри-Ланканың арнайы органдары анықтайтын болады.

Шекара қызметінің хабарлауынша, жалған құжатпен ұсталған азаматты Алматы-Дубай рейсімен депортациялау жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар