Қазақстанға келетін шетел азаматтарына қандай талап қойылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстанға келетін шетел азаматтарына қандай талаптар қойылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
А.Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында шетелмен әуе байланысын жандандыру комиссияда міндетті түрде қаралатынын жеткізді. Сәйкесінше, шетел азаматтарының келуіне рұқсат берудің тиісті өлшемдері дайындалған. Осы орайда үш өлшем ескерілген.
«Біріншіден, эпидемиологиялық жағдай (жолаушы келетін мемлекетте) бізге қарағанда жақсы болса. Қазақстанда Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы бар. Олар күн сайын еліміздегі жағдайды, сондай-ақ тікелей халықаралық байланыс бар басқа да мемлекеттердегі эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізеді. Егер де осы елдерде коронавирусқа шалдығу бойынша эпидемиологиялық жағдай бірқатар көрсеткіштермен сипатталса, онда бұл мемлекеттерден ұшып келген жолаушылар елімізге қандай да бір шектеусіз кіреді.
Екіншіден, эпидемиологиялық жағдай біздің еліміз деңгейінде, яғни ауруға шалдығу немесе басқа көрсеткіштер бойынша Қазақстандағы жағдаймен бірдей болса, онда елге келетін адам теріс анализ жөнінде ПТР-анықтаманы ұсынуы керек. Анықтама мерзімі 5 күннен аспауы тиіс. Егер осы анықтама болмаса, бұл жолаушының мәліметтері мобильді қосымшаға енгізіледі. Сонымен қатар жолаушы екі тәулік ішінде ел ішінде ПТР-тестіден өтетіндігі туралы қолхатқа қол қояды немесе 14 күн бойы үй карантинінде отырады.
Үшінші топқа біздің елге қарағанда эпидемиологиялық жағдайы нашар мемлекеттер еніп отыр. Онда осы елдермен әуе байланысына тыйым салынады», - деді А. Есмағамбетов.
Айтат кетейік, Қазақстан 17 тамыздан бастап 7 елмен халықаралық әуе рейстерін кезең-кезеңімен қайта іске қосады.
- Шымкентте автокөрме ұйымдастырылып, оған 100-ден астам халық жиналған
- Алматыда модульді госпиталь қайта ашылады
- Алматыда инфекциялық аурухана қаражатын жымқыруға қатысты тергеу басталды
- Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру мерзімі 5 маусымға дейін ұзартылды
-
Ақмолада кейбір дүкен-базарлар карантинге қарамастан демалыс күні жұмыс істеген
-
Коронавирус: Ауыр халде жансақтау бөліміне түскен Мейрамбек Бесбаевтың жағдайы жақсарды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам