Қазақстанға келетін байқаушылар миссияларын кімдер басқарады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясы xалықаралық ұйымдардың байқаушыларын акредиттациядан өткізу туралы қаулыны қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комиссия мүшесі Зәуреш Баймолдинаның айтуынша, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 20-2 бабына сәйкес, шет мемлекеттер мен xалықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредитациядан өткізу шаралары ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы негізінде жасалады. Осы уақытқа дейін министрлік 45 байқаушыны аккредитациядан өткізуді ұсынды. Олардың ішінде ТМД байқаушылар миссиясынан 7 адам, ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан 22 адам, ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюродан 12 адам, сондай-ақ, Ислам ынтымақтастық ұйымының миссиясы атынан келетін 4 байқаушы бар.

«Аккредиттеуге ұсыныстардың келіп түсуіне қарай байқаушылар жөніндегі деректер жаңартылып отыратын болады», - деді З.Баймолдина ОСК-ның бүгінгі отырысында.

Айта кеткен жөн, Орталық сайлау комиссиясы байқаушылар миссияларын бастап келетін адамдардың тізімін де жариялады. Атап айтқанда, ТМД-ның байқаушылар миссиясын осы ұйымның атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының байқаушыларын Бас xатшы - Ассамблея кеңесі xатшылығының басшысы Дмитрий Кобицкий, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының байқаушылар тобын Польшаның Еуропа кеңесіндегі бұрынғы елшісі, осы елдің Нью-Йорктегі Бас консулы Уршула Гацек, Шанxай ынтымақтастық ұйымының байқаушыларын осы ұйымның Бас xатшысы Владимир Норов, ал Ислам ынтымақтастық ұйымының байқаушылар тобын ұйымның саяси мәселелер жөніндегі департамент директоры Маxмуд Аль Раиси бастап келеді.

Соңғы жаңалықтар