Қазақстанға қайта оралғым келеді - шриланкалық оқушы Пасинду Виджесена

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан инфоматикадан халықаралық олимпиадаға қатысуға Шри-Ланкадан келген 11 сынып оқушысы Пасинду Виджесена Қазақстанға қайта оралғысы келетінін айтты.

«Мен орташа деңгейде өнер көрсетіп, ешқандай медаль алмасам да, Қазақстанға келгеніме қуаныштымын. Маған Қазақстанның мәдениеті, өзіндік ерекшелігі ұнады. Қайта оралғым келеді. Басқа қалаларды аралап көргім келеді. Қазақстан жастарға арналған қала екендігі көрініп тұр», - деді Пасинду Виджесена.

Қатысушы өзінің «Қара жорға» биін демде үйреніп алғанын айтты.

«Барлығымыз көшеде биледік, 300 адам. Үлкен би флешмобы болды», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Алматыда информатика пәнінен халықаралық олимпиада аяқталды. Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында өтеді.

Соңғы жаңалықтар