Қазақстанға қай елдер гуманитарлық көмек ретінде дәрі-дәрмек жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанға 5 шет мемлекет пен 2 түркиялық компания гуманитарлық көмек ретінде дәрі-дәрмек жіберді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брфинг барысында ҚР Денсаулық Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Гуманитарлық көмек ретінде дәрі-дәрмекті біз жалпы саны 7 тараптан алған болатынбыз. Олар: Үндістан, Пәкістан, Ресей Федерациясы, Жапония және Түркия, сондай-ақ түркиялық екі компания. Осы дәрі-дәрмектің ішінде ең елеулі үлес - гидроксихлорид дәрісінің 90 мың данасын, хлорохин дәрісінің 100 мың данасын, авиганның 10 200 данасын, ацетилцистеиннің 10 200 данасын және плаквенилдің 10 мың данасын алуымыз. Қалған препараттар 100, 150, 300, 500, 1500 данадан келген болатын», - деді Ержан Ашықбаев.

Оның атап өтуінше, дәрі-дәрмекке рұқсат қағазы алынғаннан кейін қоймада жатып қалған емес. Тиісті мекемелерге таратылды. Сонымен қатар ол әлеуметтік желіде біраз шу болған Катардан келген жүктің ішінде дәрі-дәрмектің болмағанын атап өтті.

«Сондықтан екі нәрсені шатастырмайық. Келген дәрі-дәрмектің бәрі де бірден ортақ дистрибьютор арқылы медициналық мекемелерге жеткізіліп тұрады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар