Қазақстанға қатысты қайталама санкциялар енгізілу қаупі жоқ - Серік Жұманғарин

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазіргі кезде Батыстың Қазақстанға қатысты қайталама санкциялар енгізуі қаупі жоқ. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тиісті тетіктер әзірленген. Санкциялар аясында біз құқықтық кеңістікте жұмыс істейміз. Осы орайда, АҚШ-тың, Еуропалық одақтың тиісті органдарымен өзара консультация тұрақты жүріп жатыр. Сондықтан, қайталама санкцияларды енгізу қаупі жоқ деп айта аламыз», - деді С. Жұманғарин Сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Министр АҚШ пен ЕО-дағы іскер орта Қазақстанмен арадағы терең өзара қатынастарды жоғары бағалайтынын атап өтті.

«Біз еліміздің нақты ұстанымын мәлімдеп отырмыз. Қазақстан халықаралық құқықты ұстанады», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Серік Жұманғарин Қазақстан көмірі Ресей арқылы Еуропаға жеткізіліп жатқанын айтты.


Соңғы жаңалықтар