Қазақстанға қанша турист келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері 7 310 шетелдік Қазақстанға турист визасын рәсімдеген. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Заңға сәйкес, ондай визаларды Қазақстанның шет елдердегі ресми мекемелері береді. Қазіргі уақытта әлемнің 67 елінде 90 консульдық істеп тұр.

«Қазақстанның консульдық мекемелері жоқ елдердің азаматтарына визалар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайларда беріледі. 2019 жылдың басынан бері 4 656 шетел азаматы Қазақстанға туристік виза ресімдеді», - делінген СІМ мәліметінде.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сенсек, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап шетелдік туристерге визаны электрондық тәсілмен рәсімдеуге де мүмкін берілген. Бұл мүмкіндікті әзірге 2 654 шетелдік пайдаланып, электрондық форматта туристік виза рәсімдеген.

Соңғы жаңалықтар