Қазақстанға қандай тауарлар көп импортталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан импортының негізгі бөлігі машина құрал-жабдықтарына тиесілі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің директоры Асқар Жапарқұлов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.

Министрлік өкілінің айтуынша, жарты жылдың ішінде эскпорт көлемі 23,6 млрд долларды құраған.

«Экспорттың өсуіне фармацевтифка өнімдерінің көптеп сатылуы әсер етіп отыр. Мұндағы өсім 3,5 есе болса, қорғасын мен мақта эскпорты 2 есеге артқан. Мыс пен мырыш экспорты да былтырғы кезеңнен жоғары. Ауыл шаруашылығында ет экспорты артып келеді. Жыл басынан бері 8000 тонна ет сатылған», - деді маман.

Департамент директоры ел экономикасындағы импорттың жай-күйіне де тоқталды.

«Импортта да өсім бар. Алғашқы 5 айда оның өсім көлемі 8,4 пайызға жетті. Бұл инвестициялық бағдарламалармен тікелей байланысты. Өйткені, индустрияландыру жобалары бізден технологиялар мен құрал-жабдықтардың импортын талап етеді. Мысалы, біз кез келген басқа тауарға қарағанда машина қондырғыларын өте көп сатып аламыз», - деді ол.

Айта кетсек, аталмыш брифингте Асқар Жапарқұлов әлеуметтік төлемдердің артуы елдегі жалпы ішкі өнімнің көлеміне қалай әсер етіп жатқанын айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар