Қазақстанға ірі көлемде заңсыз ұялы телефон енгізбек болған азамат қолға түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қордай шекара отрядының шекарашылары ел аумағына 1 500 000 теңгенің контрабандалық телефондарын және жалпы көлемі 108,3 литр алкоголь өнімдерін заңсыз енгізуге тосқауыл қойды. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шекара наряды Қырғызстаннан рұқсат құжаты жоқ 26 дана «Xіaomi» маркалы телефонын (жалпы құны 1 500 000 теңге) алып келе жатқан 1979 жылғы Қазақстан азаматын ұстады. Заңсыз тауар актіленіп, Қордай аудандық Мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды.

Сонымен қатар, бір қазақстандық және екі қырғыз азаматы елімізге жалпы көлемі 108,3 литр әртүрлі алкоголь өнімдерін алып кірмек болғаны үшін ұсталды.

Соңғы жаңалықтар