Қазақстанға ипортталатын қант шикізатына квота енгізілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан аумағына қант шикізатын әкелуге квота енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қант шикізатын әкелуге арналған квотаның мөлшері 350 000 тонна болып белгіленсін. Квотаның қолданылу мерзімі – 2023 жылғы 22 сәуірден 31 желтоқсанға дейін», - деп көрсетілген Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығында.

Еске салайық, 30 наурызда онлайн форматта өткен ЕЭК Кеңесінің отырысында қатысушылар Қазақстанға шикі қантты бажсыз әкелу ұсынысын бірауыздан қолдаған еді.

Ал Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, бүгінде 18 өңір шикі қантты сатып алу және қайта өңдеу үшін 18,3 млрд теңге сомасында қант зауыттарын қаржыландырды.

Таяуда Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдаған сенатор Әли Бектаев елімізде өндірілетін қант көлемі соңғы 20 жылда 55 пайызға төмендегенін мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар