Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 21 °С
Алматы: 21 °С
USD 345.55 EUR 401.01
RUB 5.45 CNY 50.98
Жаңалықтар

Қазақстанға импортталатын көкөністер былтыр 25 пайызға арзандаған

2018 жылғы 13 қаңтар 07:27 1477
Бөлісіңіз:
Қазақстанға импортталатын көкөністер былтыр 25 пайызға арзандаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы Қазақстанда экспортталатын тауарларға баға 2016 жылғымен салыстырғанда 16,3%-ға артты, импортталатындарға 6%-ға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы Павлодардағы ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысымен танысады «Made in Kazakhstan» белгісі бар жаңа автокөліктердің сатылымы екі есеге артты

Өткен кезеңде экспорттық жеткізілімдер бағасы ферроқорытпаларға - 38,3%, мырышқа -27,2%, мысқа - 25,5%, көмірге - 20,8%, мұнайға - 20,4%, қорғасынға 14,2%-ға жоғарылады, марганец кендеріне 18,7%-ға төмендеді. Бағаның мақтаға 7,3%-ға жоғарылауы, олардың бидайға - 4,9%, жүнге 4,8%-ға төмендеуі тіркелді.

Импортталатын өнімдерден кофе - 17,5%, шай - 10,8%, сүт өнімдері - 10,3%, макарон өнімдері - 7%, құс еті - 5,1%, дәрі-дәрмектер 2,8%-ға қымбаттады, көкөністер - 25%, жемістер мен жаңғақтар 2,4%-ға арзандады. Баға қағазға - 10,1%, текстиль бұйымдарына - 7,2%, аяқкиімге 5,4%-ға жоғарылады.


Басты сөздер: Статистика, Экономика,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат