Қазақстанға ғарышкерлер келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғарышкерлер ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының арнайы шақыртуымен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қазақстанға арнайы шақыртумен келген ардагер ғарышкерлердің қатарында Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш-ғарышкер Анатолий Арцебарский, РФ Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, Ресей және Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері Юрий Маленченко және РФ Батыры, РФ ұшқыш-ғарышкері Юрий Батурин бар.

Шара Елбасының Алакөлде туризмді дамыту бойынша тапсырмасына сәйкес ішкі және ресейлік туристерді тарту мақсатында ұйымдастырылуда. Арнайы шақырылған қонақтарға үш күн бойы Алакөлдің курортты аймақтары мен сауықтыру орталықтары көрсетіледі.

null

«Кеңес Одағы кезінде Алакөл көлінің шипалы суы ғарышкерлер үшін ұшудан кейін медициналық сауықтыру мақсатында пайдаланылғаны баршамызға белгілі», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Ғарышкерлердің айтуынша, кезінде Алакөл курорт-шипажайында ұшудан кейінгі қайта бейімделудің соңғы процесі жүргізілген. Яғни толық қайта қалыптасып, келесі ұшуға берілетін жолдама осы жерде шешілетін болған.

Шара «Қазақ туризм» АҚ ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен және Қазақстан Халық Қаһарманы, ҚР Авиациясының Генерал-лейтенанты Талғат Мұсабаевтың қолдау білдіруінің арқасында ұйымдастырылды.

 

Соңғы жаңалықтар