Қазақстанға Еуропалық кеңестің президенті келеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 31 мамырда Еуропалық кеңестің президенті Дональд Туск Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл сапар ресми Қазақстан мен Еуропалық кеңес арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін бермек.

Министрлік өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, тараптар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үш деңгейдегі диалогты жолға қою туралы «Үш Д» бастамасын, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің іске асыру мәселелерін талқылайды.

«Сапардың маңыздылығы Еуропалық Одақтың мәртебесімен анықталады, ол әлемдегі ең ірі экономикасы бар және әлемнің 80 елі үшін басты сауда серіктесі болып табылады. Еуропалық Одақтың үлесіне сыртқы сауда айналымының 50,6% және еліміздің экономикасында жинақталған шетелдік капиталдың 48% тиесілі. 2018 жылы тауар айналымы 37 млрд АҚШ долларын, соның ішінде Қазақстаннан экспорт - 31 млрд. долларын, импорт - 6,7 млрд долларын құрады, бұл 2017 жылғы деңгейден 23% жоғары және Қазақстанның сыртқы саудасының жалпы көлемінің 40,3%-ына сәйкес келеді»,- дейді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, Дональд Туск бұл сапары арқылы екі арадағы іс-қимыл көкжиегін айтарлықтай кеңейтуге және барлық салаларда ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашуға қолдау көрсететін болады.

Соңғы жаңалықтар